ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және бірқатар облыстардың әкімдері алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзен бассейндерінде қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдайлар туралы баяндай отырып, Мағзұм Мырзағалиев қардың жиналуы наурыз айында да жалғасатынын атап өтті.
Өз кезегінде, Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын гидрологиялық болжамдарды ұсынатын болады. Бұл болжам 3 күн сайын жаңартылып отырады. Одан бөлек, су тасқыны қаупі төңген жағдайда, 2-3 тәулік бұрын дауылды ескертулер беріледі. Негізі осындай ескертулер норма бойынша 6 сағат бұрын берілуі тиіс.
Наурыз айындағы синоптикалық болжамға сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым аумағында климаттық нормадан жоғары болады деп күтілуде.
Республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларды өткізуге дайындау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қажетті шараларды қабылдауда. Су тасқынына қарсы комиссия құрылды.
Гидрологиялық болжамға сүйене отырып, қосымша бос сыйымдылықтарды ұлғайту мақсатында су қоймаларының жұмыс режимінің кестесі түзетілді.
Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін қажетті іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар жіберілді.
Сондай-ақ, біз Қауіптілік картасы жасалды. Онда төтенше жағдайдың туындау қаупі неғұрлым жоғары орындар көрсетілген.
«Жауған қардың үлкен мөлшерін ескере отырып, ауа температурасы күрт артқан жағдайда, біз су қоймаларынан суды едәуір ағызуға мәжбүр боламыз. Осыған байланысты, әкімдіктер төтенше жағдайға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет», — деді М. Мырзағалиев.
Ол соңғы жылдары гидрометеорологиялық қызметті жабдықтауға елеулі көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде Қазақстан аумағын гидрометеорологиялық мониторингпен қамтуды арттыруға, синоптикалық және гидрологиялық болжамдардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары 5 метеорологиялық радар, 14 автоматты метеорологиялық станция және 42 гидрологиялық бекет сатып алынды.
Бұдан басқа, жыл сайын қолданыстағы бақылау бекеттеріне гидрометеорологиялық аспаптар мен жабдықтар сатып алынады.
Жол инфрақұрылымының дайындығы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев баяндады.
«Су тасқыны қаупінің уақытылы алдын алу және оны жою мақсатында Министрлік осы жылдың су тасқыны кезеңіне автомобиль және темір жолдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде», — деді Қ. Өскенбаев.
Республикалық маңызы бар автожолдарды дайындау шеңберінде Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді, орталық және өңірлік деңгейлерде жол қызметтерінің өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылды.
Аталған іс-шаралар су тасқыны қаупі бар учаскелер мен жол құрылыстарын анықтау және күн сайын тексеру, су тасқынына қарсы және апатты жұмыстарды жүргізу үшін жол және инертті материалдарды (құм, тас, қаптар және т. б.) дайындау, жүру бөлігін, жол жиектерін, жол құрылыстарын қар мен мұздан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу, су өткізу құбырларының саңылаулары мен арналарын тазалау және т. б. қамтиды.
Бүгінде республикалық желінің ұзындығы 24,9 мың км құрайды, онда 1 277 көпір және 14 994 су өткізу құбыры бар.
Оның ішінде 464 қауіпті учаске, 66 көпір және 852 су өткізу құбырлары бақылауға алынды, оларда 883 бірлік жол-пайдалану техникасы бекітілген. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды және автожолдар мен жол құрылыстарына күн сайын патрульдеу жүргізіледі.
Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі уақытта жол және инертті материалдар дайындалды, оның ішінде 644 тонна жанар-жағар май, 8,1 мың м3 құм, 6,8 мың м3 тас, 17,2 мың м3 қиыршық тас, 45,5 мың дана қаптар, 25 дана темір бетонды құбырлар. Жалпы дайындық 90% құрайды. Су өткізетін құбырларды және көпір арналарын қардан тазалау жұмыстары басталды.
Жалпы, су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде өңірлердің ауа райы жағдайы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды қамтуға бөлінген қаражат шеңберінде қарастырылатын болады.
Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын, жолдың, жасанды құрылыстардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы бұйрық бекітті, онда тасқын кезеңінде жол мен жасанды құрылыстардың сақталуын және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар көзделген.
Өткен жылдардың су тасқынын өткізу тәжірибесін талдаудан барлық өңірлер бойынша 673 қауіпті орындардың тізбесі анықталды (құбырлар, көпірлер, жер ағындары). Су тасқыны кезеңінде жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілігі, қосымша қарап шығу және белгілі бір қауіпті орындарды аралау ұйымдастырылады.
Көпірлердің, құбырлардың, дренаждық құдықтардың саңылауларын қардан тазалау, таулы және су бұрғыш арықтарды, лотоктар мен кюветтерді ашу жұмыстары басталды.
Бут тасымен, рельстік пакеттермен, кондициялы емес темір бетон шпалдарымен 42 шайылуға қарсы пойыздарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жол дистанциясымен 2 800 м3 тас және 8 000 дана кондициялы емес темір бетон шпал дайындалды.
Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде облыстық ТЖ бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде Министрлік бойынша 23 іс-шаралар көзделген, оның ішінде 2017-2019 жылдар аралығында күтіп ұстауға және жөндеуге бөлінген қаражат есебінен автожолдар саласы бойынша 22 іс-шара орындалды.
«Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары Министрліктің ерекше бақылауында», — деді Қ. Өскенбаев.
Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр өз кезегінде су басу қаупі ерекше бақылауда екенін атап өтті. Барлық проблемалық мәселелер ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы барысында қаралды. Хаттамаға қол қойылды. Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті тапсырмаларды іске асыруға кірісті. ҚР ІІМ-ге су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және бақылау тапсырылды. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер проблемаларды қысқа мерзімде шешуі қажет.
«Біз су тасқыны жағдайын бақылауда ұстаймыз. Апта сайын бұл мәселе селекторлық режимде қаралатын болады», — деді Р. Скляр.
Елді мекендерді су басуына жол бермеу шаралары туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндады.