19 мам, 2021 сағат 18:33

Қазақстанда толық вакцинадан кейін қанша адам КВИ жұқтырды?


Қазақстанда 100-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін қайтадан ауырып қалды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцинаның бірінші компонентінен кейін де, екінші компонентінен кейін де науқастануға қатысты мониторингті міндетті түрде жүргіземіз. Жалпы, елімізде бірінші компоненттен кейін науқастанудың 541 дерегі тіркелген. Ал екінші компонеттен кейін – 104 жағдай», - деді комитет төрайымы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның атап өтуінше, бұл адамдардың барлығы инкубациялық кезеңде, яғни 14 күннің ішінде коронавирусты жұқтырып алған. 

«Демек, олар коронавирусты жұқтырып алғаннан кейін вакцина салдырған», - деді Айжан Есмағамбетова.