Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 1 сәуір таңертеңгі сағат 8:15-те Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Шымкентте - 1 адам, Түркістан облысында 4 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда науқастар саны 348 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда - 178 адам
- Алматыда - 82 адам
- Қарағандыда - 13 адам
- Атырау облысында - 16 адам
- Ақмола облысында - 10 адам
- Алматы облысында - 8 адам
- Қызылорда облысында - 18 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
- Павлодар облысында - 2 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Түркістан облысында - 5 адам.
Коронавирустан 24 адам (Алматыда - 8 адам, Нұр-Сұлтанда - 16 адам) айыққан. Екі адам көз жұмған. Республиканың басым бөлігінде шектеу шаралары енгізілді.