15 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ПТР тестімен расталған коронавируспен 772 науқас, 4 өлім, ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмониямен 19 науқас, 2 өлім тіркелгенін хабарлады.
Осылайша, ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 202 573-ке жетіп отыр. Ресми статистика бойынша, оның 2646-сы коронавирус ауруынан қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.
Есебі 1 тамыздан кейін ғана жүргізіле бастаған коронавирус пневмониясы науқастарының жалпы саны 48 694-ке жетті. Былтырғы тамыздан бері пневмонияның бұл түрінен 600 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирустан барлығы 23 542 адам емделіп жатыр. Оның 14 722-сі ПТР тесті оң шыққан науқас, 8820-сы диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған науқас.
Министрлік хабарламасына қарағанда, 249 науқастың жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Ал жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар саны 44-ке жетіп отыр.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 92,
Алматы қаласы - 102,
Шымкент қаласы - 13,
Ақмола облысы - 64,
Ақтөбе облысы - 13,
Алматы облысы - 61,
Атырау облысы - 38,
Шығыс Қазақстан облысы - 53,
Жамбыл облысы - 16,
Батыс Қазақстан облысы - 38,
Қарағанды облысы - 40,
Қостанай облысы - 73,
Қызылорда облысы - 13,
Маңғыстау облысы - 7,
Павлодар облысы - 101,
Солтүстік Қазақстан облысы - 42,
Түркістан облысы - 6.
Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 202 573.