09 жел, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда тағы 729 адамнан коронавирус анықталды

8 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 729 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында - 106, Алматы қаласында - 68, Шымкент қаласында - 4, Ақмола облысында - 60, Ақтөбе облысында - 8, Алматы облысында - 22, Атырау облысында - 34, Шығыс Қазақстан облысында - 95, Жамбыл облысында - 22, Батыс Қазақстан облысында - 34, Қарағанды облысында - 30, Қостанай облысында - 74, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 3, Павлодар облысында - 98, Солтүстік Қазақстан облысында 70 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 138 382 адам тіркелген. Осы уақыт аралығында коронавирустан 2 105 адам қайтыс болған. 122 мыңнан астамы жазылған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, жалпы пневмонияға шалдыққандардан ажыратып, бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 339 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 4 айдан астам уақыт аралығында 456 адам қайтыс болған. 31 мыңнан астамы жазылды.

9 желтоқсанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 215 жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, қазір Қазақстанда коронавирустан 13 986 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1003 бала бар.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, елдегі стационарларда 3 747 науқас жатыр, 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы науқастардың арасында 231 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 33 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.