17 тамыз күні Қазақстанда 7034 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы қаласы мен Қарағанды облысында науқас саны әдеттегідей мыңнан асты. Біріншісінде 1403, екіншісінде 1049 науқас тіркелді. Шілденің соңғы онкүндігінде тәулік сайын 1,5 мың науқас шығып жүрген Нұр-Сұлтанда коронавирусқа 735 адам шалдықты.
Кейінгі екі айда Қазақстанда коронавирустың тарауы күрт күшейді. Шілденің соңынан бері күн сайын 7-8 мың науқас тіркеліп жатыр. Мамандар мұны жұқпалығы жоғары әрі ауыл халге жылдам түсіретін "дельта" вариантымен байланысты. Алғаш рет Үндістанда анықталған бұл вариант Қазақстанда маусымның соңында тіркелді.
Індет басталғалы елде барлығы 708 379 Covid жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 7867 адам аурудан айыға алмай, қайтыс болған. Билік бұл тізімге коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген 2 мыңнан астам адамды қоспай отыр.
Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" (КВИ-) есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түрімен 66 381 науқас тіркелді, оның ішінде 4111 адам қайтыс болған.
Елде коронавирус статистикасының растығына күмән келтіреді. Денсаулық сақтау министрлігі былтыр қаңтардан тамызға дейін 256 мың адам пневмонияға шалдыққан, арасында коронавирус белгілері бар науқастар кездеседі деген. Бірақ олардың ешқайсысы коронавирус статистикасына кірмеді.
18 тамыздағы мәлімет бойынша, елде 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 30 123 пациент стационарда, 90 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 840 адамның жағдайы ауыр,
• 561 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 183 445 адам салдырса, II компонентін 4 819 587 адам қабылдаған.
