Қазақстанда тағы 2080 адамның коронавирус тесті оң шықты.
Сейсенбі күні Алматыда – 620, Нұр-Сұлтанда – 372, Алматы облысында – 280, Қарағанды облысында – 144, Ақтөбе облысында – 121, Атырау облысында 102 науқас тіркелді.
Батыс Қазақстан облысында – 98, Ақмола облысында – 73, Шымкент қаласында – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 39, Қостанай облысында – 34, Жамбыл облысында – 31, Қызылорда және Павлодар облыстарында әрқайсында – 25, Солтүстік Қазақстан облысында – 20, Түркістан облысында – 13, Маңғыстау облысында 11 адамнан коронавирус анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 сәуірде 116 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Дүйсенбі күні 31 адам өлімі тіркелген. 27 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.
7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 28 624 адам короновирус инфекциясынан (27 672 КВИ+ және 952 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 477 пациент - стационарда, 18 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 474 адамның жағдайы ауыр;
• 148 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Биліктің мәліметінше, індет басталғалы бері 258 917 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 50 955 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 713 адам өлімі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Былтыр маусым мен шілде айларында індет ушығып, өкпе ауруына шалдыққандар көбейген шақта министрлік коронавирус пневмониясы мен пневмонияға шалдыққандарды ажыратудың қиындығын алға тартқан. Тек тамыздан бастап коронавирус пневмониясына жеке код беріліп, жалпы пневмониядан бөлек есепке алына бастады.
Былтырдан бері 3156 адам коронавирустан қайтыс болды деп айтылады.
Коронавирусқа шалдыққан, бірақ арнайы комиссия "басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңға жуық адам өлімі Covid статистикасына енгізілмеген.