Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда, коронавирустан айығып кеткендер саны: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Ақмола облысында - 1, Атырау облысында - 2, Қызылорда облысында - 16, Шымкент қаласында - 1 адам.
Осылайша, елімізде қауіпті вирустан жазылғандар саны 536-ға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы – 207 Алматы қаласы – 88 Шымкент қаласы – 18 Ақмола облысы – 20 Ақтөбе облысы – 10 Алматы облысы – 9 Атырау облысы – 31 Шығыс Қазақстан облысы – 5 Жамбыл облысы – 31 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 19 Қостанай облысы – 1 Қызылорда облысы – 45 Маңғыстау облысы – 4 Павлодар облысы – 1 Солтүстік Қазақстан облысы – 25 Түркістан облысы – 20