04 қаз, 2021 сағат 10:33

Қазақстанда тағы 1717 адамнан коронавирус анықталып, 37 адам қайтыс болған


Қазақстанда өткен тәулікте 1717 адамның бойында коронавирус инфекциясы бар екені ПТР тест арқылы анықталды, одан өзге 46 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырып, 37 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласы (429 адам) мен Нұр-Сұлтан қаласында (288 адам). Одан кейін Алматы облысы (133 адам) мен Павлодар облысы (122 адам). Коронавирус жұқтырғандар ең аз өңір – Маңғыстау облысы (4 адам), одан кейін Қызылорда облысы (17 адам) мен Түркістан облысы (26 адам).


Өткен тәулікте Қазақстанда 1913 адам коронавирустан емделіп шықты.

Коронавирус тарылымы бойынша Қазақстанда қызыл, сары, жасыл аймақтар белгіленген. Жасыл аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы сенбі күні "қызыл аймаққа" қайта оралған. Бұған дейін қызыл аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары болған. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары "жасыл аймақта". Қалғаны "сарыда" тұр.