15 сәу, 2020 сағат 13:16

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жедел штабтың мәліметінше, емделіп шыққандар:

Нұр-Сұлтан қаласында – 8, 

Ақмола облысында – 4, 

Алматы облысында – 1 адам.

Осылайша елімізде барлығы 220 адам ауруынан айықты.