10 ақп, 2021 сағат 07:03

Қазақстанда тағы 1 123 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Қазақстанда тағы 1 053 адамның коронавирус тесті оң шықты. 70 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Денсаулық сақтау министрлігінің 10 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 11 адам өлімі тіркелген: 8 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. 

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 198 086 адамға жетті. 179 277-і жазылған. Өткен тәулікте 1233 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 621 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 388 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 587 адам қайтыс болған. 37 998 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 25 991 адам емделіп жатыр. 9 803-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 438 науқас стационарда емделіп жатыр. 264 адамның жағдайы ауыр, 46 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 106 млн 880 мыңнан асты. 59 млн 709 мың адам жазылған. 2 млн 339 мың науқас қайтыс болған.

Аймақтар бойынша (коронавирус):

Нұр-Сұлтан қаласы - 138
Алматы қаласы - 91
Шымкент қаласы - 17
Ақмола облысы - 95
Ақтөбе облысы - 14
Алматы облысы - 48
Атырау облысы - 49
Шығыс Қазақстан облысы - 78
Жамбыл облысы - 10
Батыс Қазақстан облысы - 84
Қарағанды облысы - 69
Қостанай облысы - 81
Қызылорда облысы - 9
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 195
Солтүстік Қазақстан облысы - 68
Түркістан облысы - 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 198086.