19 қар, 2024 сағат 11:21

Қазақстанда шұғыл қоңырауларға арналған тағы бір нөмір пайда болуы мүмкін

Фото: Pexels.com

Қаржы министрлігі "Ашық НҚА" порталында тиісті құжаттың жобасын орналастырды. Оның қоғамдық талқылауы 27 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаулы жобасына сәйкес, Қазақстанда қолданылып жүрген тоғыз шұғыл нөмірге "111" деген оныншы нөмірді қосу жоспарлануда.

Бұл отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының нөмірі.

Айта кетейік, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ҚР Үкіметі қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын көбейту туралы түзетулерді қолдағанын хабарлағанын жазғанбыз.