Фото: ҚазАқпарат
Қазақстанда саусақ ізін тіркеуді (міндетті түрде саусақ ізін алу) енгізу тағы кейінге шегеріледі. Жоба 2023 жылы басталуы керек еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Сенатта "Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Талқылаудан кейін заң жобасын түзетулерімен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
"Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажет болды.
Саусақ ізінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосу шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты жағдайға байланысты оны толық көлемде іске қосуды 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру ұсынылды", - деді сенатор Нұрлан Бекенов.