08 жел, 2021 сағат 16:02

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салуға қатысты өзгеріс енгізілді


Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Comirnaty (Pfizer) препаратымен вакциналау ережесі өзгеріс енгізді. Екпе салдыратындардың қатарына Қазақстанда тұратын шетелдік жасөспірімдер де қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындардың қатары көбейді.

Олар:

1. 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер;

2. жүкті әйелдер – жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;

3. бала емізетін әйелдер – бала туу кезеңі аяқталғаннан кейін (42 күн өткен соң);

4. 12-18 жастағы шетелдік жасөспірімдер.

"Сондай-ақ, Қазақстан аумағында үш ай және одан көп уақыт үздіксіз оқитын және тұратын шетелдік студенттер де коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға жатады", - делінген қаулыда.

Ал вакциналаудың алдында адамның коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.