16 жел, 2021 сағат 09:33

Елімізде қанша адам «Pfizer» вакцинасымен егілді?


Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр.

СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, 15 желтоқсандағы жағдай бойынша, «Pfizer» препаратының I дозасын - 200 884 адам, ІІ дозасын 30 017 адам салдырды. 

Оның ішінде: І компонентті 159 514 жасөспірім, 12 048 жүкті әйел, 29 322 бала емізетін әйел, ІІ компонентті 22 668 жасөспірім, 2 191 жүкті әйел, 5 156 бала емізетін әйел қабылдаған.