Pfizer мен BioNTech вакцинасы Қазақстанға 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан кейін келеді деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жаңа жыл қарсаңында біз «Pfizer» компаниясымен тағы бір мәрте келіссөз жүргіздік. Біз осы вакциналарды жеткізу мүмкіндігі, шығындар туралы мәселелерді талқыладық. Сонымен қатар, құпиялылық туралы, яғни біз жариялай алмайтын ақпарат туралы келісімге қол қойдық. Бұл келісім ішкі параметрлерге қатысты. Жалпы алғанда, бұл вакцинаны Қазақстанға екінші жартыжылдыққа дейін жеткізу туралы ұсыныс айтылды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Сондай-ақ, ол әріптестеріне осы вакцинаны ҚР аумағында тіркеу және рәсімдеу үшін құжаттарды енгізуді ұсынғандарын айтты.
«Бұл вакцинаны алуымыз үшін жұмысты тездетуді сұрадық. Алайда әзірге бізге 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан ерте жеткізілмейтіні мәлімделді», - дейді ол.