13 қар, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұққан 638 науқас анықталды

12 қарашада Қазақстанда 638 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 261, Қостанай облысында - 53, Нұр-Сұлтанда - 51, Павлодар облысында - 49, Солтүстік Қазақстан облысында - 43, Алматы қаласында - 39, Ақмола облысында - 37, Батыс Қазақстан облысы - 30, Қарағанды облысы - 17, Алматы облысы - 16, Атырау облысы - 12, Ақтөбе облысы - 10, Жамбыл облысы - 7, Шымкент қаласы - 4, Түркістан облысы - 4, Маңғыстау облысы - 3, Қызылорда облысы 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері 119 129 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған, содан бері 1918 адам коронавирустан қайтыс болған. 108 мың адам жазылған.

1 тамыздан бері 39 545 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 351 адам жазылған, 412 адам қайтыс болған.

Екеуін қоса есептегенде науқастар 158 674 адамға жетеді.

Қазір 7 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр.