Өткен тәулікте 6040 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Коронавирус ең көп таралған аймақтар арасында Алматы алғашқы орында (1590 адам) тұр. Одан кейінгі Қарағанды облысында 843 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 505 адам жұқтырған.
Қазақстанда бүгінге дейін коронавируспен ауырғандар ресми дерек бойынша 754 891-ге жеткен.
Дүйсенбіде Қазақстанда коронавирустан 131 адам, короновирус тәрізді пневмониядан 26 адам қайтыс болған. 23 тамызда 428 адамның "коронавирус тәрізді пневмониямен ауырғаны" анықталған.
Аймақ бойынша коронавирус жұқтырғандар дерегі:
Нұр-Сұлтан қаласында - 505,
Алматы қаласында - 1590,
Шымкент қаласында – 220,
Ақмола облысында - 265,
Ақтөбе облысында - 388,
Алматы облысында - 358,
Атырау облысында - 307,
Шығыс Қазақстан облысында - 167,
Жамбыл облысында - 202,
Батыс Қазақстан облысында - 123,
Қарағанды облысында - 843,
Қостанай облысында - 269,
Қызылорда облысында - 98,
Маңғыстау облысында - 202,
Павлодар облысында - 317,
Солтүстік Қазақстан облысында - 122,
Түркістан облысында - 64.
Сондай-ақ, Қазақстанда 8 501 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 826,
Алматы қаласында - 2750,
Шымкент қаласында - 772,
Ақмола облысында - 265,
Ақтөбе облысында - 625,
Алматы облысында - 337,
Атырау облысында - 137,
Шығыс Қазақстан облысында - 0,
Жамбыл облысында - 780,
Батыс Қазақстан облысында - 151,
Қарағанды облысында - 294,
Қостанай облысында - 422,
Қызылорда облысында - 240,
Маңғыстау облысында - 363,
Павлодар облысында - 269,
Солтүстік Қазақстан облысында - 121,
Түркістан облысында - 149.
Айта кетейік, елімізде барлығы 631 501 адам COVID-19-дан сауығып шыққан.
Ал 25 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін - 6 448 802 адам, 2-компонентін 5 123 033 адам салдырған.
