19 қаң, 2021 сағат 06:32

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар 1017 адамға көбейді. 18 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан - 999 адам тіркелген. ПТР тесті - теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 18 адам анықталған. Өткен тәулікте 9 адам өлімі тіркелген: 7 адам - коронавирус, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны анықталған.

Наурыз айынан бері Қазақстанда 170 098 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 423 адам Covid-тен қайтыс болған деп айтылады. Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Сол уақыттан бері 46 866 науқас тіркелген. 542 адам қайтыс болған. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан әлем елдері арасында коронавирустың тарауы жөнінен 52-орында тұр. Мұнда 214 964 адам Covid-ке шалдыққан. 3 мыңға жуық адам Covid-тен қайтыс болған. 

19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 24894 адам коронавирустан ем алып жатыр.

Олардың 6 485-сі - стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық жағдайда ем алуда. 

 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 312 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 49 науқас жасанды таныс алу аппаратында жатыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 124,

Алматы қаласы - 79,

Шымкент қаласы - 7,

Ақмола облысы - 109,

Ақтөбе облысы - 4,

Алматы облысы - 93,

Атырау облысы - 78,

Шығыс Қазақстан облысы - 47,

Жамбыл облысы - 25,

Батыс Қазақстан облысы - 50,

Қарағанды облысы - 66,

Қостанай облысы - 72,

Қызылорда облысы - 5,

Маңғыстау облысы - 2,

Павлодар облысы - 150,

Солтүстік Қазақстан облысы - 71,

Түркістан облысы - 17.