Кеше, 19 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 791 адам анықталды. Бір күнде 311 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бейсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (242) тіркелген. Коронавирус жұққандардың елдегі ең ірі қала - Алматыда да өскені байқалады. Мұнда бір күнде 91 науқас анықталған. Өткен күні бұл көрсеткіш 42 болған.
Солтүстік Қазақстан облысында - 85, Павлодар облысында - 85, Қостанай облысында - 63, Нұр-Сұлтан қаласында - 53, Ақмола облысында 48 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында өткен тәулікте науқас анықталмаған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 123 888 адамға жетті: 111 мыңнан астамы жазылған, 1964-і қайтыс болған.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 15458 (+91),
Нұр-Сұлтан қаласында - 15448 (+53),
Шығыс Қазақстан облысында - 14650 (+242),
Атырау облысында - 11496 (+19),
Қарағанды облысында - 10899 (+20),
Батыс Қазақстан облысында - 7643 (+39),
Алматы облысында - 5473 (+25),
Солтүстік Қазақстан облысында - 5345 (+85),
Шымкент қаласында - 5315 (+5),
Павлодар облысында - 5294 (+85),
Қостанай облысында - 4552 (+63),
Ақмола облысында - 4448 (+48),
Жабмбыл облысында - 4293 (+11),
Түркістан облысында - 3449 (+1),
Ақтөбе облысында -3431 (+4),
Маңғыстау облысында - 3420 (+0),
Қызылорда облысында -3274 (+0).
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 40 690 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 423 адам қайтыс болған, 30 мыңға жуығы жазылған.
Осы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев "бірқатар аймақтарда деректерді жасыру анықталды" деп мәлімдеген. Ізінше мәселеге түсініктеме берген кейбір аймақтың денсаулық сақтау саласындағы басшылары "мәселе 50 шақты науқаста болып отыр, бұл мәселенің себебі анықталып, шешілді" деп айтқан.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.