18 қаз, 2021 сағат 11:37

Қазақстанда өткен тәулікте 1642 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды


Қазақстанда өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1642 адамнан коронавирус індеті анықталды. Осы күнгі мәлімет бойынша 35 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығып, 7 адам қайтыс болған, 1459 адам емделіп шыққан. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

2020 жылы наурыздан бері Қазақстанда 918146 адам коронавируспен, 77995 адам коронавирус инфекциясы бар пневмониямен ауырып, пневмониядан 4962 адам қайтыс болған. 

18 қазандағы мәлімет бойынша, 52 825 адам коронавирус инфекциясынан (–46 275 + және 6 550 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 329 пациент стационарда, 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

628 адамның жағдайы ауыр,

177 пациенттің жағдайы өте ауыр,

104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстанда 7 миллион адам коронавирус вакцинасының толық дозасын алған. 900 мың адам екінші дозасын күтіп отыр. 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға Ресейдің "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), Қазақстанның QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген Vero Cell екпесі, сонымен бірге тағы бір қытайлық Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі салынып жатыр.