Қазақстанда 21 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 430 адам тіркелді. 96 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 13 адам өлімі тіркелген: 11 науқас - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 173 412 адамның ПТР тесті оң шыққан. 157 мыңнан астамы жазылған. 2 457 адам коронавирус қайтыс болған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 211 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 549 адам қайтыс болған. 35 мыңға жуығы жазылған.
Аймақтағы пневмония ахуалына байланысты статистиканы билік өте сирек жариялайды. Бірақ ПТР тесті оң шыққан науқастар туралы күн сайынғы мәлімет індеттің барлық аймақта өршігенін көрсетеді. 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында - 231, Павлодар облысында - 235, Алматыда - 130, Ақмола облысында - 163, Атырау облысында - 111, Алматы облысында - 78, Солтүстік Қазақстан облысында - 91, Қарағанды облысында - 75, Қостанай облысында - 125, Батыс Қазақстан облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында - 41, Жамбыл облысында - 19, Түркістан облысында - 13, Маңғыстау облысында - 16, Шымкент қаласында - 14, Ақтөбе облысында - 17, Қызылорда облысында 10 адамнан коронавирус анықталған.
Қазір 25 469 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 788-інің ПТР-тесті оң шыққан. 291 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың хәлі өте ауыр. 39 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде Covid-ке шалдыққан адам саны 97,4 миллионнан асты. 2 млн 88 мыңнан астам науқас қайтыс болды. 53,6 миллионннан астамы аурудан жазылған.