23 қар, 2022 сағат 14:38

"Қазақстанда оны ешкім күтпейтінін түсінеді" - СІМ ресейлік пикапер туралы


Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко "қыздарды сындыру" тренингінің авторы ресейлік Алекс Леслиге (шын аты - Александр Кириллов) қатысты ведомствоның ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кейбір видеоларды көрдім. Бұл видеолардың хайп қуу мақсатында түсірілгені көрініп тұр. Екіншіден, бұл мырза қазір Қазақстанда оны қазақстандықтар да, Үкімет те күтпейтінін жақсы түсінеді", - деді Василенко.

Алекс Лесли (шын аты - Александр Кириллов) - орыстың даулы "жазушысы" және "сындыру бойынша" тренингінің авторы. Ол қылмыстық істердің фигуранты ретінде және БАҚ-та (Life.ru) притон құруға қатысы да айтылған.

2018 жылы Таиландта секс-тренинг өткізгені үшін қамауға алынған. Оған салық төлемегені, шетелде болу режимін бұзғаны үшін айып тағылған.

Айта кетейік, СІМ өкілдері "Қазақ қыздарын сындыру" курсын өткізбек болған ресейліктің сөзін тексеретінін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, оған Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.