Фото: Freepik
Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артып барады: жыл басынан бері 11 мың адам тіркелді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі - түрлі себептермен екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Шенеуніктің айтуынша, екпе алмаған балалар не медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім туралы қағаз алғандар, не ата-аналары интернеттегі жалған ақпараттың әсерінен екпеден бас тартқан.
"Жағдайды ауыздықтау үшін бас мемлекеттік санитария дәрігері 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, қосымша вакцинация 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі", - деді Сұлтанғазиев Сенатта өткен брифингте.
Вице-министрдің сөзінше, аурушаңдық жағдайы Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында өршіп тұр.