30 шіл, 2020 сағат 10:51

Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру керек - қаулы

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыда көрсетілгендай, халық үшін мына жағдайларда маска тағуға міндеттеледі: 

- жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;

- COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтарға;

- коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.