Фото: Михаил Терещенко/ТАСС
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың "кракен" нұсқасы тіркелмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Есмағамбетованың айтуынша, республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200, теріс ПТР нәтижесі бар 10 COVID-19 жағдайы тіркеледі.
"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңірлер "жасыл" аймақта. Өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 4 пайызға төмендеді (1135 жағдайдан 1089 жағдайға дейін). Бөлінген штаммдардың соңғы реттілігі республикада 100 пайыз "омикрон" нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті. Қазақстанда жаңа "омикрон" ("кракен") нұсқасы анықталған жоқ", - деді Айжан Есмағамбетова.
Бас мемлекеттік санитария дәрігер әлемде "омикрон" нұсқасы басым екенін, зерттелген үлгілердің 99,9 пайызын құрайтынын айтты.
Бұған дейін Ресейде "кракен" коронавирусының жаңа нұсқасы алғаш рет анықталғаны белгілі болған.