11 қаз, 2021 сағат 11:57

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары тіркелді?


Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында. 

Оның айтуыша, 2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелді. Осының нәтижесінде наурызда «британдық» Alpha штамм, «оңтүстікафрикалық» Beta штамм, маусымда «үнділік» Delta штамм, тамызда «нигериялық» Eta штамм анықталды. 

«SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді министр.