14 қаз, 2020 сағат 09:45

Қазақстанда коронавирусты тексеретін зертханалар шамасы қандай?

ПТР тестілеуден өткізу тәулігіне 65 мыңға дейін жеткізілмек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі– ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы сәуір айында ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу елімізде 28 зертханада жүрігізіліп, тәулігіне 6 мың тест жасалған еді. 14 қазандағы жағдай бойынша тестілеу 121 зертханада жүргізіледі. Сонымен қатар, тестілеудің жалпы қуаты тәулігіне 45 мың зерттеуден асады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңа зертханаларды ашу шаралары атқарылуда. Сәйкесінше, зертханалардың қуаты тәулігіне 65 мың зерттеуге дейін жеткізілмек.