08 сәу, 2020 сағат 11:45

Қазақстанда коронавирустан жетінші адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында коронавирустан бір адам көз жұмды деп хабарлады. Науқас 1929 жылы туған. Ол туралы әзірге толық мәлімет жоқ.

Қазақстанда барлығы жеті адам вирустан қайтыс болды. Ақмола облысында - 3, Нұр-Сұлтанда - 1, Қарағанды облысында - 1, Түркістанда - 1, Шымкентте бір адам қайтыс болған. 51 адам айыққан. 

Министрлік 8 сәуірде түстен кейін тағы бес адамнан коронавирус табылған хабарлады. Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 3, Ақмола облысында бір адамға вирус жұққан. 

Елде вирусты жұқтырғандар адам саны 709-ға жетті. 

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 222
  • Алматы қаласы – 119
  • Қызылорда облысы – 72
  • Қарағанды облысы – 55
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 43
  • Түркістан облысы – 33
  • Атырау облысы – 36
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Шымкент қаласы – 20
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Маңғыстау облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Павлодар облысы – 1