Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ.
Жазылып шыққан 20 адамның 18-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 2 адам Алматы қаласынан.
Осылайша Қазақстан бойынша жазылғандар саны 240-қа жетті.
Ал, жалпы науқас саны 1290 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 380
- Нұр-Сұлтан қаласы – 297
- Қызылорда облысы – 127
- Қарағанды облысы – 81
- Ақмола облысы – 80
- Атырау облысы – 70
- Түркістан облысы – 49
- Жамбыл облысы – 46
- Шымкент қаласы – 40
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26
- Алматы облысы – 25
- Батыс Қазақстан облысы – 18
- Ақтөбе облысы – 13
- Маңғыстау облысы – 11
- Павлодар облысы – 11
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Қостанай облысы – 5
15 науқас қайтыс болған.