06 там, 2020 сағат 09:40

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың 170-нің жағдайы нашар – ҚР ДСМ

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың арасында 139 сәби бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы өте ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. ⠀ 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарланады», - делінген министрлік таратқан хабарламада.