14 сәу, 2020 сағат 15:17

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққан адамдардың саны 150-ге жетті

Алматы қаласында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны 150-ге жетті, деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ.

Бүгін сағат 16:00-ге дейін елімізде жалпы 150 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: 

Нұр-Сұлтанда – 64, 

Алматы қаласында – 58, 

СҚО – 1, 

Ақтөбе облысы – 2, 

Жамбыл облысында -3, 

Павлодар облысында- 1, 

Алматы облысында - 5, 

Қарағанды облысында - 1, 

Шымкент қаласында – 2, 

Атырау облысында - 5, 

Батыс - Қазақстан облысында -1, 

Маңғыстау облысында -1, 

Қызылорда облысында – 2, 

Ақмола облысында – 4 адам дерттен айыққан.