COVID-19-дан 100-адам жазылып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ол 82 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 22 наурызда КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа екі жақты полисегментарлы пневмония. 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3 дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел. Идиопатиялық подагра. Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды» - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Қазіргі уақытта шағымдар жоқ.
«Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді», деп толықтырды Е.Біртанов.