Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.
«30 наурыз сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 294 фактісі тіркелген. Оның 68-і сырттан жұқтырып келсе, 123 оқиға - науқаспен байланысқан адамдарда тіркелді. 103 оқиға - жергілікті аумақта жұқтырған» делінген комитет хабарламасында.
Нұр-Сұлтан қаласында – 167 Алматы қаласында – 73 Шымкент қаласында – 2 Ақмола облысы – 9 Ақтөбе облысында – 2 Алматы облысында – 7 Атырау облысында – 12 Шығыс Қазақстан облысы – 2 Жамбыл облысында – 3 Батыс Қазақстан облысында – 2 Қарағанды облысы – 7 Қызылорда облысы – 5 Маңғыстау облысы – 1 Павлодар облысында – 1 Солтүстік Қазақстан облысында – 1.