10 қар, 2021 сағат 11:12

Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайыз төмендеді


Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде коронавирус инфекциясының 251 млн-нан астам жағдайы, тіркелді. Тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 5 млн-нан астам адам өлді. ДДСҰ-ның Еуропа өңірі мәліметіне сәйкес, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 40 мемлекетте ауру өсімі байқалады», - деді министр. 

Оның дерегінше, соңғы 2 аптада Венгрияда аурушаңдық - 180, Польшада - 150, Австрияда - 120, Германияда 90 пайызға артқан. Ал аурудың төмендеуі 14 елде байқалады. 

«Қазақстанда соңғы 2 аптада аурушаңдық 17 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 222 елдің ішінде аурушаңдық көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 101 орында тұр», - деді Алексей Цой.