24 нау, 2020 сағат 10:02

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 68-ге жетті

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Coronavirus2020.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін таңғы 12:00 жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 68 болды. 

Дәл қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда – 35, Алматыда – 29, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе қаласында 1 жағдай тіркелген. 

Айта кетейік, Елімізде коронавирусқа қатысты 13 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған сәйкес театрлар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтаған болатын.

Кеше, 23 наурыз күні өңірлерде аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды. 

Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі. 

Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.