ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1 297 662 адам алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, вакцинаның I компонентімен 2 416 430 адам, II компонентімен 1 297 662 адам егілді.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған ең көп тұрғын:
Алматы қаласында – 220 729, Алматы облысында – 149 998, Қарағанды облысында – 117 797, Нұр-Сұлтан қаласында – 115 818 және Шымкент қаласында 104 894 тіркелген.
