"Қазақстанда өткен тәулікте 6358 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталды" деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл ақпаратта 141 адамның осы инфекциядан қайтыс болғаны көрсетілген.
Вирус ең көп таралған аймақтар ішінде Алматы қаласы алғашқы орында тұр (1605 адам). Онан кейін Қарағанды облысы (821) мен Нұр-Сұлтан (601) қаласы.
Ресми мағлұматқа қарағанда, 2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда барлығы 761 мың 249 адам жұқтырғаны лабораторияда дәлелденген.
Эпидемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 8758 адам, "коронавирус тәрізді пневмониядан" 4315 адам қайтыс болған. Жергілікті жерлерде "коронавирус түрткі болып, өзге дерттен өлді" деген диагноз қойылған адамдар бұл статистикаға енбеген.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, республикада қазір коронавирустан 117 566 адам (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 857 адамның жағдайы ауыр,
516 пациенттің жағдайы өте ауыр,
208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Сондай-ақ, 26 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін - 6 466 823, II компонентін 5 152 752 адам салдырған.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін қабылдаған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 726 956 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 554 655 адам 2-компонентін егілген.
Үшінші орында Алматы облысы – 653 378 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 523 803 адам екінші бөлігін қабылдаған.
