Өткен тәулікте 6869 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі таратты.
Коронавирус ең көп таралған өңірлер арасында Алматы қаласы (1517) мен Қарағанды облысы (1101) алғашқы орындарда тұр. Маусым айынан бері Нұр-Сұлтан қаласында бірінші рет 700-ден азайып, 632 адам болған.
Коронавирус жұқтырғандардың аймақтар бойынша дерегі:
Нұр-Сұлтан қаласы - 632,
Алматы қаласы - 1517,
Шымкент қаласы - 450,
Ақмола облысы - 285,
Ақтөбе облысы - 300,
Алматы облысы - 383,
Атырау облысы - 562,
Шығыс Қазақстан облысы - 256,
Жамбыл облысы - 171
Батыс Қазақстан облысы - 65,
Қарағанды облысы - 1101,
Қостанай облысы - 273,
Қызылорда облысы - 148,
Маңғыстау облысы - 152,
Павлодар облысы - 330,
Солтүстік Қазақстан облысы - 161,
Түркістан облысы - 83.
Жалпы ел бойынша детке шалдыққандар саны - 701345.
17 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 120 488 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 30 996-сы стационарда, 89 492-сі амбулаториялық ем қабылдауда.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1910 адамның жағдайы ауыр, 529 адам хәл үстінде, 251 адамға жасанды тыныс аппараты қойылған.
16 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 138 795 адам алған.
Сондай-ақ КВИ-ге қарсы вацинаның 2-ші компонентін алғандар саны 4 769 789 адамды құрап отыр.
