27 сәу, 2020 сағат 21:00

Қазақстанда 2860 адам Covid-19 вирусын жұқтырды

Қазақстанда тағы 25 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

27 сәуір 23:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Павлодар облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Қарағанды облысында - 4, Маңғыстау облысында 3 адамның қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды. 

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2860-ға жетті.

Олар:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 547 адам,
Алматы қаласында – 876 адам,
Шымкент қаласында – 175 адам,
Ақмола облысында – 93 адам,
Ақтөбе облысында – 57 адам,
Алматы облысында – 100 адам,
Атырау облысында – 123 адам,
Шығыс Қазақстан облысында – 16 адам,
Жамбыл облысында – 106 адам,
Батыс Қазақстан облысында – 125 адам,
Қарағанды облысында – 132 адам,
Қостанай облысында – 43 адам,
Қызылорда облысында – 182 адам,
Маңғыстау облысында – 30 адам,
Павлодар облысында – 110 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам,
Түркістан облысында – 115 адам.