Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір 23.40-та елде 112 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 99 адам. Қалғандары: Қарағанды облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам.
13 сәуірде Қазақстанда 139 адамнан вирус анықталды. Бұрын елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған. Осылайша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар мыңнан асты - 1091.
138 адам дерттен айықты. 12 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы қатарға шықты.
- Алматы қаласы – 271
- Нұр-Сұлтан қаласы – 260
- Қызылорда облысы – 119
- Шымкент қаласы – 38
- Ақмола облысы – 73
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 22
- Атырау облысы – 62
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Жамбыл облысы – 46
- Батыс Қазақстан облысы – 11
- Қарағанды облысы – 77
- Қостанай облысы – 3
- Маңғыстау облысы – 10
- Павлодар облысы – 10
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26
- Түркістан облысы – 44.