06 сәу, 2020 сағат 20:25

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 651-ден асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 сәуір 22.25-тегі мәліметіне сай, елде тағы 22 адамнан коронавирус табылды. Олардың сегізі Қызылорда облысында, бесеуі Шымкент қаласында, төртеуі Түркістан облысы, үшеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтанда.

Қазақстанда қазір 651 адамға жұқты. Алты науқас қайтыс болды. 46 адам дерттен айықты: Нұр-Сұлтанда - 24 адам, Алматыда - 21 адам, СҚО - бір адам.⠀

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың дерегінше, елде COVID-19​ дертіне шалдыққан 16 науқастың халі ауыр. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 120 медициналық қызметкерден коронавирус анықталған. Бірінің жағдайы ауыр. Тоғыз қызметкердің халі орташа, 57 медқызметкерден симптомдар аз. Бұдан бөлек, 45 баладан коронавирус анықталған. Олардың төртеуі ауруханадан шыққан. Қалғандардының жағдайы жақсы.