04 мам, 2020 сағат 16:35

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4 мыңнан асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 4 мамыр 18.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 40 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында - 26 адам. Бұдан бөлек, Алматы облысында алты, БҚО-да төрт, Түркістан облысында екі, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында бір-бір адам дертке шалдықты.

Қазір Қазақстанда барлығы 4028 адамнан (дүйсенбіде 108) вирус табылды. 1134 адам дерттен айықты. 27 адам қайтыс болды.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтты.

Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған.

Коронавирус жұқтырған 4028 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 1317
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 701
  • Қызылорда облысы – 214
  • Шымкент қаласы – 213
  • Батыс Қазақстан облысы – 193
  • Атырау облысы – 184
  • Ақтөбе облысы – 160
  • Қарағанды облысы – 159
  • Алматы облысы – 156
  • Жамбыл облысы – 154
  • Павлодар облысы – 150
  • Түркістан облысы – 143
  • Ақмола облысы – 101
  • Маңғыстау облысы – 74
  • Қостанай облысы – 50
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 29

Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды. Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.