24 желтоқсанда Қазақстанда 736 адамға коронавирус жұққаны тестпен дәлелденді. Ең көп науқас елдегі ең ірі қала – Алматы қаласында (95) тіркелді.
Павлодар облысында 93 адамнан коронавирус анықталған. Ресеймен шекаралас бірнеше аймақта ауру өсімі әлі де жоғары. Кейінге кезде бұл аймақтарда күніне шамамен 30 науқас анықталатын. Бірақ бейсенбі күні Қостанай облысында – 65, Атырау облысында – 62, Солтүстік Қазақстан облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында 61 адамның ПТР-тесті оң шыққан.
Нұр-Сұлтанда – 60 науқас, Ақмола облысында - 58, Қарағанды облысында - 37, Батыс Қазақстан облысында - 29, Жамбыл облысында - 15, Маңғыстау облысында - 12, Ақтөбе облысында - 11, Түркістан облысында - 9, Қызылорда облысында - 4, Шымкент қаласында 3 адамға вирус жұққаны анықталған.
Наурыз айынан бері Қазақстанда 150 198 адамға Covid жұққаны тестпен расталған, 2 218-і қайтыс болған. Бұл мәліметке 1 тамыздан бері есептеліп келе жатқан коронавирус пневмониясына шалдыққандар енбеген. Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы коронавирус пневмониясы туралы мәлімет жарияламады.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда 195 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан. (Зерттеу институты Covid пен коронавирус пневмониясы статистикасын біріктірген).
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша 23 627 адам короновирус инфекциясынан (11 604 КВИ+ және 12 023 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 4 738 пациент стационарда, 18 889 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 243 адамның жағдайы ауыр;
• 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.