17 сәу, 2020 сағат 16:25

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 1498-ге жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 17 сәуір кешкі сағат 18:25-те тағы 18 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында 8 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1498 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 461
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 341
  • Қызылорда облысы – 143
  • Қарағанды облысы – 87
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 72
  • Түркістан облысы – 56
  • Жамбыл облысы – 53
  • Шымкент қаласы – 46
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 32
  • Ақтөбе облысы – 18
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 15
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 7

17 науқас қайтыс болған. Барлығы 340 адам айыққан.