11 қарашада Қазақстанда 587 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Бір күнде 245 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.
Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 231, Қостанай облысында - 57, Павлодар облысында - 49, Нұр-Сұлтанда - 47, Ақмола облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 35, Алматы қаласында - 30, Батыс Қазақстан облысында - 28, Алматы облысында - 16, Қарағанды облысында - 16, Атырау облысында - 12, Ақтөбе облысында - 8, Шымкент қаласында - 8, Жамбыл облысында - 6, Қызылорда облысында - 2, Түркістан облысында - 2, Маңғыстау облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Өткен тәулікте барлық қала мен облыста науқас тіркелген.
Наурыз айынан бері 118 491 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған, содан бері 1911 адам коронавирустан қайтыс болған. 108 мың адам жазылған.
1 тамыздан бері 39 357 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 286 адам жазылған, 410 адам қайтыс болған.
Екеуін қоса есептегенде науқастар 157 848 адамға жетеді.
Қазір 7 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр.