Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір түскі сағат 13.20-да коронавирус инфекциясы тағы 68 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 44, Шымкент қаласында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Жамбыл облысында - 3, Алматы облысында 13 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда барлығы 3273 адамға вирус жұққан. 829 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3273 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 988
- Нұр-Сұлтан қаласы – 631
- Қызылорда облысы – 198
- Шымкент қаласы – 192
- Қарағанды облысы – 149
- Атырау облысы – 135
- Батыс Қазақстан облысы – 146
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 128
- Алматы облысы – 135
- Жамбыл облысы – 119
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 82
- Қостанай облысы – 49
- Маңғыстау облысы – 48
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 20