23 сәу, 2021 сағат 06:58

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 32 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан - 29 адам, вирустық пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Тәулік ішінде 2 894 адамнан коронавирус инфекциясы және 107 адамнан пневмония анықталды.

23 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 40 441 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 387-і стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:

  • ауыр жағдайда – 689 науқас;
  • өте ауыр ауыр жағдайда – 171 науқас;
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында – 97 науқас.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар саны:

Нұр-Сұлтан қаласы - 7,
Алматы қаласы - 12,
Шымкент қаласы - 2,
Ақмола облысы - 1,
Ақтөбе облысы - 1,
Алматы облысы - 1,
Атырау облысы – 2,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Қарағанды облысы - 2,
Қызылорда облысы – 3.