04 нау, 2020 сағат 14:36

Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары күшейтілді

Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің елде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы қаулығы сәйкес, бірінші категориядағы елдердің ішінде екі топ, яғни 1 А және 1 Б бар. 1 А санатына кіретін азаматтар стационарда 14 күндік мерзімде карантинге жатқызылады. Алайда бұл шара ресми және үкіметтік делегациялар, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттарының иелеріне, әуе компанияларының ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланысты тұлғалар және халықаралық автокөлік тасымалдарымен айналысатын жүргізушілерге қатысты емес. Олар телефонға қоңырау шалу арқылы тек дәрігердің бақылауында болады. Сонымен бұл санатқа кіретін елдер: ҚХР және Иран Ислам Республикасы», - деді Қазмедиада өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Қаулыға сәйкес, екінші санаттағы елдер үшін үйде оқшаулау немесе үй карантині тәртібі енгізілген. Бұл санаттағы елдерден келген адамдар ҚР-ның шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша барлық талапқа сәйкес үйде карантин болады. Бұл шара да ресми және үкіметтік делегациялар, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттарының иелеріне, әуе компанияларының ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланысты тұлғалар және халықаралық автокөлік тасымалдарымен айналысатын жүргізушілерге қатысты емес. Олар телефонға қоңырау шалу арқылы тек дәрігердің бақылауына алынбақ. Бұл санатқа кіретін елдер: Оңтүстік Корея, Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, сол сияқты Макао, Тайвань, Жапония және Италия. 

«Екінші санаттағы елдерден келген адамдардың Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күннің ішінде қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерлермен бақыланады. Ресми және үкіметтік делегациялар, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттарының иелері, әуе компанияларының ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланысты тұлғалар және 1 А және 1 Б санаттағы елдерден халықаралық автокөлік тасымалдарымен айналысатын жүргізушілер тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылаудан өтеді. Олар телефонға қоңырау шалу арқылы тек дәрігердің бақылауында болады. Бұл санатқа кіретін елдер: Франция, Германия, Таиланд және Әзербайжан», - деді Диас Ахметшәріп.

Үшінші санатқа кіретін елдер: БӘА, Испания, Малайзия, Ирак, Швейцария, Ұлыбритания, Бахрейн, Кувейт, Сингапур және АҚШ. Олар үшін тек есепке алу тәртібі бар. Яғни ол елдерден келгендер шекараға келген кезде сауалнама тапсырады.