13 жел, 2020 сағат 08:20

Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 794 жаңа жағдайы тіркелді, 651 науқас сауығып кетті. Бұл туралы Қазақстандағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Аурулардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында анықталды – 97, сонымен қатар жоғары көрсеткіштер Нұр-Сұлтанда (88 жаңа жағдай), Алматыда (80 жаңа жағдай) тіркелді.

Пандемия басталғаннан бері елімізде коронавирустық инфекцияның 141 587 жағдайы расталды. 125 380 адам сауығып шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 88;
  • Алматы қаласы - 80;
  • Шымкент қаласы - 1;
  • Ақмола облысы - 72;
  • Ақтөбе облысы - 13;
  • Алматы облысы - 62;
  • Атырау облысы - 50;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97;
  • Жамбыл облысы - 26;
  • Батыс Қазақстан облысы - 38;
  • Қарағанды облысы - 30;
  • Қостанай облысы - 75;
  • Қызылорда облысы - 3;
  • Маңғыстау облысы - 9;
  • Павлодар облысы - 80;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 67;
  • Түркістан облысы - 3.